Арыста тағы оқ дәрі жарылды
Құрбандар жоқ, ешкім зардап шекпеген.
16:10 05.07.2019
Әскери өрт сөндірушілер өрт ошағын ауыздықтады. Арыста оқ-дәрі жарылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
"Аумақта инженерлік-саперлік бөлімдер оқ-дәрі бөліктерін жинап жүрген болатын. Осы кезде тыйым салынған аймақта оқ-дәрі жарылып, тұтанды", - деп жазылған хабарламада.
Әскери өрт сөндірушілер өрт ошағын ауыздықтады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Жергілікті халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қорғаныс министрлігі инженер-сапер бөлімшелері жұмысты аяқтағанға дейін арсенал аумағына жақындауға болмайтынын ескертеді", - деп атап өтті ведомстводан.
24 маусымда Түркістан облысындағы Арыс қаласында жарылыс болды. Қала жанындағы әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, оқ-дәрі жарыла бастаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!