Қостанай облысында балаға үйдің қабырғасы құлап кеткен
Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы Шадысаев ауылында баланың үстіне үйдің қабырғасы құлап кеткен.
14:21 10.07.2019
Ақпаратты аудандық білім бөлімінің жетекшісі Дилнара Сапанова растады. Оқиға 8 шілде күні Шадысаев ауылында болған.
«Балалар бұзылған үйдің маңында ойнап жүрген. Өздерінің велосипедтерін үй қабырғасына тіреп қойған. Үйлеріне қайтпақ болған балалар терезе жақтауында демалып отырады. Сол сәтте қабырға құлап кеткен», - деді Дилнара Сапанова.
Дереу жедел жәрдем қызметі шақырылды. Бала облыстық ауруханаға жетізілді. Оған ота жасалды. Баланың жамбас сүйектері сынғанын анықтады. Қазір ем алу үстінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!