{metadescription}
Сәбиін байлап қойып, өзі ұйқыға кеткен әйел сынға қалды

Сәбиін байлап қойып, өзі ұйқыға кеткен әйел сынға қалды

Баласын байлап қойып, өзі ұйықтап жатқан әйелдің видеосы желідегілердің ашуын келтірді.

Осы бойынша белгілі заңгер Камиша Есмұхамбетқызы өз пікірін білдірді. Айтуынша, баланы байлап қою – оның өміріне, денсаулығына қасақана зиян келтіру.

«Баланы байлап қойып, жайбарақат ұйықтап жату ол – ата-ананың өз құқығын асыра пайдалану. Қасақана сәбидің өміріне, денсаулығына зиян келтіру болып саналады. Бұл қылмыстық іс. Әзілдегеннің өзінде де ол баланың өміріне қауіп төндіріп отыр. Өйткені бала абайсызда құлап қалған жоқ. Керісінше, ата-ана сәбиді байлап қойып оның жарақат алуына ықпал жасауда», - дейді заңгер. 

Алайда, кейбір желі қолданушылары «өз баласын байлап қойғанның несі айып?» деген жазба қалдырған. Ал бірі сәбиді қорлау екенін алға тартуда. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде