{metadescription}
Павлодарда атасы мен жиені өрттен көз жұмды

Павлодарда атасы мен жиені өрттен көз жұмды

Гагарин көшесі, 34 мекенжайы бойынша бес қабатты тұрғын үйде өрт тіркелді.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Бүгін сағат 12.42-де кезекшілік бөліміне аталған мекенжай бойынша бір бөлмелі пәтерден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Төртінші қабатта қызыл жалын үш жаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 13.07-те толығымен сөндірілді. 10 адам сыртқа шығарылған. Оның екеуі – бала, - дейді департаментте.

Оқиға орнында 1952 жылғы ер адам мен 2009 жылғы баланың денесі табылған. Өртті сөндіруге департаменттің жеке құрамынан 13 адам мен 4 техника жұмылдырылған, сотқа дейінгі жедел топтан үш адам мен бір техника жұмыс істеген. Департаменттің мәліметінше, көз жұмғандар атасы мен жиені. Қазіргі таңда жалын толығымен сөндірілген. Өрт зертханасы қайғылы жағдайдың неден болғанын анықтауда.

- Жедел жәрдем қызметкерлері сағат 12:55-те шақырылды. Бригада қоңырауды алғаннан кейін төрт минутта сол жерде болды. Жедел жәрдем қызметкерлері екі адамның биологиялық өлімін тіркеді, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Дереккөз: Рavlodarnews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.