{metadescription}
Душқа линзасын шешпей түскен жігіт көзінен айырылды

Душқа линзасын шешпей түскен жігіт көзінен айырылды

Ұлыбританияның Шрусбери қаласының 29 жастағы тұрғыны Ник Хамфрис жуынар алдында линзыны шешуді ұмытып, жанарынан айырылды.

Ник Хамфрис 2018 жылдың басында көзіндегі жараны байқайды. Осы кезде ол дәрігерге қаралады, оған акантамебті кератит деген диагноз қояды. Дәрігерлер науқастың көзінен Acanthamoeba түріндегі амебаны байқайды. Ол көз линзасы арқылы жанарға түседі.

Хамфрис бактерияларды жоятын көзге арналған тамшыларды қолданған. Алайда, ол көлік айдап келе жатып кенеттен жанарынан айырылды. Ер азамат сол күйі көзін қалпына келтіре алмаған.

Ер адам көзіне бірнеше ота жасатты. Қазір көзінің инфекция салдарынан жойылып кеткен қасаң қабығын ауыстырмақ. Хамфристің сөзінше, ол душта линзы киіп түсудің неге әкеп соғатынын, тіпті, ойламаған.

"Шынымды айтайын, істің немен аяқталарын білгенімде, ешқашан линзы кимейтін едім", - деді Ник.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде