Оралда мұғалім туберкулездің ашық түрімен ауырған
Оралда мектеп мұғалімінің туберкулездің ашық түрімен ауырғаны белгілі болды.
10:23 11.07.2019
Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, оқиға №47 орта мектепте тіркелді. 26 маусым күні аталған мектептің математика пәні мұғалімінің қос өкпесінен бірдей инфильтративті туберкулез БК+ ауруына (ашық түрімен) шалдыққаны жөнінде басқармаға жедел хабарлама түскен. Осыған орай санитарлық-эпидемиологиялық және санитарлық-алдын алу шаралары қолға алынды. Мектепте дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.
А. есімді мұғаліммен 16 қызметкер және 74 оқушы, ал отбасынан 3 адамның қарым-қатынас жасағаны анықталды. Қазіргі кезде барлық мұғалім мен отбасы мүшелері, оқушылар тексеруден өтуде.
«Ауырған мұғалімнің өзі емделуде», - аталған басқармадан.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!