Қызылорда облысында полицейлер ұстамақ болған ер адам көз жұмды
Қызылорда облысында полицейлер ұстамақ болғанда 43 жастағы ер адам көз жұмды.
13:25 11.07.2019
Марқұмның туыстары ол кісі қолынан қаза тапты деп есептейді, ал облыстық полиция департаментіндегілер мұны жоққа шығаруда. 2019 жылдың 10 шілдесінде әлеуметтік желілерде бір келіншетің Қызылорда облысы полицейлерінің жергілікті тұрғынды өлтіргенін айтқан видеосы тараған. Ол марқұмның туысқаны болып шықты. Видео арқылы келіншек БАҚ өкілдерінен көмек сұраған.
«Бүгін түнде Қызылорда қаласының 4 полиция қызметкері 1976 жылғы Әжімбаев Бауыржан Шәкімұлын ұстау кезінде аяусыз соққа жығып, өлтірді. Мұндай бассыздықты бүкіл ел білуі керек деп санаймын! Бұл іске қатыстылардың барлығы жазадан тыс қалмаса деп сұраймын. Менің аты-жөнім – Ажар Әпсаматова. Қайғы жұтқан ана жалғыз ұлынан айырылды», - деп жазды ол.
Бұл жайтқа қатысты Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Олардың айтуынша, ер адам аяқ-астынан өзін нашар сезінген.
«2019 жылы 10 шілдеде түнде Қызылорда қаласының 43 жастағы тұрғыны мас болып, көлік жүргізген. Полиция тоқтатып, оны көліктен түсуін сұрағанда ол қарсылық көрсеткен. Сондықтан полицейлер оны екі қолынан ұстап, қызметтік көлікке алып келе жатқанда ол есінен танып қалады. Бірден жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалынады. Бірақ дәрігерлер жеткенше ол кісі көз жұмған. Бұл оқиға полиция көлігінің видеотіркешігіне де түскен. Оның үстіне медициналық сараптама кезінде марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Бұл кісінің өліміне қатысты Қызылорда облыстық полициясы жеке қауіпсіздік басқармасымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталу үстінде», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дереккөз: Zakon.kz.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!