{metadescription}
Алматыда мәслихат депутаты мен ұлы сотталды

Алматыда мәслихат депутаты мен ұлы сотталды

Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Бекішовке қатысты сот үкімі шықты.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі мәлім етті. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облыстық департаменті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы С.Бекішовке қатысты мердігер ұйым басшысынан пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі ерте аяқтады.

Сот облыстық мәслихат депутаты Б. Артемовтың, сондай-ақ "УМР-3" ЖШС-нің басшысы қызметін қоса атқарушы ретінде ұлы А. Артемовпен бірге Талғар су торабын күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін С. Бекішевке 5 550 000 теңге пара бергені анықталды.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, 10 шілде күні Талғар қалалық сотының үкімімен С.Бекішов пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Б.Артемов пен А.Артемов пара бергендері үшін әрқайсысы 55,5 млн теңгеден айыппұл төлейді.

«Сотпен айыппұлдарды төлеу мерзімі белгіленген және айыппұл төленбеген жағдайда жазаның бас бостандығынан айырумен алмастырылатындығы түсіндірілді. Сотталған азамат өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды», - делінген агентті ақпаратында.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.