{metadescription}
Алматы-1 станциясының бастығы парамен ұсталды

Алматы-1 станциясының бастығы парамен ұсталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ филиалының Алматы бөлімшесі «Алматы-1» станция басшысының пара алу фактісін анықтады.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі хабарлайды.

«Ол кедергісіз тексеру мен жалға алынған контейнерлерді қайтару үшін жеке компания өкілінен 370 мың теңге сомасындағы параны делдал арқылы алды деген күдікке ілінді. Кінәні толық мойындауына байланысты күдіктілерді процессуалды ұстау шарасы қолданылмады. Тергеу амалдары жалғасуда», - делінген хабарламада.

Күдіктілердің айыптылық деңгейін анықтай отырып, оларға қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.