{metadescription}
Арыстанбек Мұхамедиұлы қанша жалақы алатынын айтты

Арыстанбек Мұхамедиұлы қанша жалақы алатынын айтты

Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарған кезде, Мұхамедиұлының жалақысы 980 мың теңге болған. 

Мұхамедиұлы ұлттық музей директорының жалақысы 3 милллион теңге деп жалған ақпарат таратқандарға Facebook парақшасында жауап берді. 

"Достарым, жалақымның қанша болатыны әлі өзіме де белгісіз болып тұрғанда, ол туралы жалған ақпарат тарап кетті. 3 000 000 теңге көлеміндегі еңбекақы – жалған. Мұндай шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату кімге пайда әкелетінін білмеймін, fake news қолдан жасалғанына күмәнім жоқ. Тым әсіре сілтепті, басқа не айтуға болады", - деп жазды парақшасында.

Мұхамедиұлы министр болған тұста, мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін бірнеше рет көтергенін атап өтті. Осы орайда ол үкіметте істеген жылдары қанша алғанын және қазіргі еңбекақысы туралы ашық айтты.

"Егер осындай ақпарат шындыққа жанасса, әрине қуанар едім, өкінішке қарай, бұл әзірге мүмкін емес. Әдеттегідей сіздерге шынымды айтайын: министр қызметін атқарғанда еңбекақым 980 000 болды... Ұлттық музей директоры ретінде 172 436 теңге есептеліп, қолыма 139 673 теңге берілетін болады. Бұл қызметтегі менің санатым "А1-1", еңбек өтілім мамыр айын қоса алғанда 31 жыл үш ай болды", - деді ұлттық музейдің жаңа директоры.

Экс-министр жалақы төңірегіндегі жалған ақпаратқа уақыт кетіргісі келмейтінін айтып, тақырыпты жабуды өтінді.

"Сонымен, достарым, не шықты? Нағыз фейк. Жалған ақпаратта менің айлық жалақым ретінде көрсетілген сома менің еңбекақымды 95%-ке көбейтіп, мен 12 айда алатын 1 676 076 теңгені екі есеге арттырыпты. Бізде "он үшінші еңбекақы", бонустар жоқ. "Кездейсоқ" миллиондарға қателесіп кетіпті... Мұндай жалған ақпаратқа сенген адамдар табылып, оларға түсінік беруім күлкілі жағдай. Осымен бұл тақырыпты талқылауды доғарайық, ағайын. Мұндай ұсақ-түйекке уақытымды енді кетірмеймін: ақылдылар өздері түсінеді, ақымақтарға түсіндіре алмайсың. Баршаңызға жақсы көңіл-күй үшін рақмет!", - деп жазған Мұхамедиұлы.

Айта кетсек, жуырда бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде