{metadescription}
Атырауда автобуста кондуктор мен жолаушы әйел төбелесті

Атырауда автобуста кондуктор мен жолаушы әйел төбелесті

Атырауда автобуста кондуктор мен жолаушының ұрысып, артынша төбелескені видеоға түсіп қалды.

Оқиғаның видеосы желіде тарады. Хабарланғандай, оқиға 11 шілдеде №14 бағыттағы автобуста орын алған. Видео кадрларынан автобус кондукторы мен егде жастағы әйелдің ұрысқаны көрінеді. Артынша жолаушы кондукторды пакетпен ұра жөнелді. Өз кезегінде кондуктор да өзін ұстай алмай, ұруға кірісті. Атырау облыстық полиция департаменті видеоны тексеріп жатыр. 

«Аталған дерек 11 шілдеде қалалық полиция басқармасында тіркелді. Қазір тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Мұндай дерек бойынша шағым түскен жоқ», дейді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Атырау әкімдігі оқиғадан кейін кондуктордың жұмысынан босатылғанын мәлімдеді. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде