Иван Дычко америкалық қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді
Қазақстандық боксшы Иван Дычко (8-0, 8 КО) кәсіби рингте өзінің 9-ші кездесуін өткізді.
10:13 13.07.2019
Ол Холливудта (АҚШ, Флордиа штаты) Seminole Hard Rock Hotel and Casino ойын-сауық кешенінде өнер көрсетті. Ауыр салмақта 8 раундтқа есептелген жекпе-жекте қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Нэйт Хэвен (9-2, 7 КО) болды. Дычко қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.
Осылайша, Иван кәсіби бокстағы өзінің 9-шы жеңісіне қол жеткізді және 9 кездесуді де нокаутпен аяқтады. Ал, Хэвен үшінші рет жеңіліс тапты. Айта кетейік, алдында Дычко тәжірибелі бразилиялық боксшы Рафаэль Зумбаномен (39-16-1, 31 КО) шығуы керек болатын. Алайда бұл кездесу болмай қалды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!