Ким Чен Ын ресми түрде Солтүстік Корея басшысы атанды
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ел конституциясына түзетулер енгізілгеннен кейін ресми түрде мемлекет басшысына айналды.
11:00 13.07.2019
Бұған дейін жоғарғы халық ассамблеясы президиумының төрағасы ел басшысы ретінде саналып келген. Ал Ким Чен Ын елдің қорғаныс күштеріне жауапты "жоғарғы жетекші" болған . Reuters-тің жазуынша, Ким Чен Ын көптен бері мемлекет басшысы болуға ұмтылған, елдің саяси бағытын экономика мен халықаралық келіссөздерге бұрып, қарулану саясатына басымдық бермеуге тырысқан. Агенттік бұл өзгерістерді Солтүстік Кореяның АҚШ-пен жасайын деп отырған бейбіт келісіміне дайындық деп санайды.
Маусым айының соңында Солтүстік Корея соңғы екі жылда алғаш рет Оңтүстік Корея және АҚШ-пен келіссөз жүргізген. Дональд Трамп Солтүстік Корея аумағына аяқ басқан алғашқы АҚШ президенті болды.
Дереккөз: azattyq.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!