{metadescription}
Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды

Тамара Дүйсенова "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ны басқарды.

Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Дүйсенбі, 15 шілдеде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның ұжымына жаңа басшы Тамара Дүйсенованы таныстырды. Министр Тамара Дүйсенованың әлеуметтік-еңбек саласындағы тиісті білімі мен мол тәжірибесін атап өтіп, бірінші кезекте тұрған бірқатар мәселелерді міндеттеді.

«Тамара Қасымқызы әлеуметтік-еңбек саласын дамытуға елеулі үлес қосты, бүгінгі күні еңбек нарығының тиімділігі мен еңбек ресурстарының сапасын арттыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және ел басшылығы қойған басқа да тапсырмаларды орындауда мол тәжірибесі бар», - деп атап өтті министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде