{metadescription}
Тісін жұлдырмақ болған қыз өлім аузынан қалды

Тісін жұлдырмақ болған қыз өлім аузынан қалды

Висконсин штаты Ла-Кросс қаласының тұрғыны тіс дәрігеріне барғаннан кейін өлім аузынан қалды.

20 жастағы Фейт Хоч тістерін түзулегісі келіп дәрігерге қаралады. Бұл үшін тіс дәрігері оның жеті тісін алып тастады. Кешкі уақытта қыздың денсаулығы нашарлап, көршісінен ауруханаға алып баруын сұрайды. Дәрігерлер науқасқа ауырсынуды басатын дәрі салып, үйге жібереді. Келесі күні Хоч Грейстің әпкесі одан қайтадан ауруханаға баруын талап етеді.

"Мен барлық уақытта ұйықтап, оянғанда жүрегім айнып жатты. Сол күні мен шамамен 12 рет құстым. Әпкем менің өмірімді сақтады. Дәрігерлер кез келген сағатта өлуім мүмкін екенін айтты", - деп есіне алады қыз.

Қыздың  дене қызуы 40,6 градусқа дейін көтеріліп, қан қысымы соншалықты төмендеді, дәрігерлер оған дәрі бере алмады. Науқаста КТ-дан тексеру жүргізіліп аппаратқа таңылды. Қызда септикалық шок болды. Ол ауыр жұқпалы аурудың асқынуы. Дәрігерлердің пікірінше, ақыл тісінің біреуін алып тастағаннан кейін оның қаны бұзылған. Науқасқа шұғыл ота жасалды. Келесі үш күнде ол ем алып жатты. Есін жиған соң төрт күннен кейін үйіне босатылды.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде