{metadescription}
Құрбан айтта арнайы демалыс күні берілмейді

Құрбан айтта арнайы демалыс күні берілмейді

Тамызда қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды.

Мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады. Биыл Құрбан айттың алғашқы күні 11 тамыз, яғни жексенбіге түсіп тұр. Алайда мейрам ұлттық немесе мемлекеттік мереке болмағандықтан, демалыс күні ауыстырылмайды. Қазақстандықтар тамыз айында 10 күн демалады, ал Құрбан айт мерекесіне арнайы демалыс күні жарияланбайды.

Күнтізбе бойынша 30 тамыз – Конституция күні жұмаға түсіп тұр. Сондықтан бұл күні қазақстандықтар жұмыс істемейді. Әрі қарай демалыс күндері болғандықтан, қатарынан үш күн демалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде