Тоқаев екі лауазымды шенеунікті қызметінен босатты
Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрінің орынбасары Махамбет Абисатов пен Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Нұрлан Алдабергеновты да лауазымынан айырды.
15:08 19.07.2019
"Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Махамбет Хайыржанұлы Абисатов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен;
Нұрлан Шәдибекұлы Алдабергенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды", - делінген.
Ал олардың орнына Арыстанғани Заппаров пен Арман Жұмабеков тағайындалды.
"Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Арыстанғани Расылханұлы Заппаров Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне;
Арман Дайырұлы Жұмабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!