96 жастағы қария жүгіруден рекорд орнатты
Американың Вирджиния штатының тумасы 42 минут 30 секундта бес мың шақырымға жүгірді.
16:51 20.07.2019
Ол 95-99 жас категориясында әлем рекордын жаңартты. 11 шілдеде Эймс қаласында 96 жастағы Рой Энглерт жүгіруден рекорд орнатып, бұрынғы рекордшы Фрэнк Левиннен 8 минутқа ерте келді. Левин дәл осы қашықтықты 50 минут 11 секундта еңсерген. Бұған дейін қария өз жасының дәрежесінде 800 метр, 1,5 мың және 3 мың метр қашықтықта жүгіруден рекорд орнатқан.
Энглерт чемпион болу көп еңбекті талап ететінін айтты. Жаттығу кезінде ол үш мыңнан бес мың шақырымға дейін жүгіреді. Жарысқа бірнеше күн қалғанда физикалық жүктемені күшейтіп, жүгіру қарқынын жіті қадағалайды. Зейнеткер өзін баяу жүгіремін деп есептейді.
«Мен көп адамнан қарағанда ұзағырақ өмір сұрдім. Қасымда қарсыластарым жоқтың қасы болғандықтан маған жеңу оңай болады», - деді рекордсменқария.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!