{metadescription}
Тағы да қыз үшін: шетелдік және қазақстандық жұмысшылар сөзге келіп қалды

Тағы да қыз үшін: шетелдік және қазақстандық жұмысшылар сөзге келіп қалды

Нұр-Сұлтандағы «Абу-Даби Плаза» объектісінің құрылысы жүріп жатқан жерде шетелдік және қазақстандық жұмысшылар арасында түсінбестік орнады.

Елорданың полиция департаменті 20 шілде күні сағат 15:06 кезінде Ақмешіт пен Сығанақ көшелерінің қиылысында салынып жатқан Sheraton Hotel Astana қонақүйінде шетелдік және қазақстандық азаматтар арасында ұрыс болғанын растады, деп хабарлайды stan.kz

«Бұған «Абу-Даби Плаза» құрылыс объектісінде жұмыс істейтін қыздардың бірінің шағымы себеп болған. Дәлірек өзіне шетелдік азаматтан келіп түскен SMS хабарламаға байланысты болған. Полиция қызметкерлері келіп тәртіп орнатты. Жұмысшылар үйді-үйіне тарасты. Ұрысқа қай азаматтардың қатысқаны белгілі болды. Тексеріс жұмыстары жүріп жатыр», - деді Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіндегілер. 

Сондай-ақ, олар әлеуметтік желіде тараған жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде