Алматыда әйел балабақшадан 5 жасар баланы ұрлап кетпекші болды
Оқиға қаладағы Төлебаев және Гоголь көшелерінің қиылысында болған.
18:21 22.07.2019
Тәрбиешінің айтуынша, олар балалармен серуендеп келіп, топқа кірген. Осы сәтте балабақшаға ұзын көйлек, қара көзілдірік және жиегі үлкен бас киім киген әйел кіріп келеді. Ол «Өтініш, Әлиханды шақырып жіберіңізші» деп айтқан екен. Өзін әпкесімін деп таныстырып, асығып тұрғанын айтады.
Баланың анасының айтуынша, оған тәрбиеші хабарласып, ұлын белгісіз әйел ұрлап кетпекші болғанын хабарлаған. Тәрбиеші балалармен бірге ғимаратты аралауға шыққан. Осы кезде оған ұзын бойлы, қара көзілдірік, ұзын көйлек киген әйел келіп, баланы алып кетпекші болған.
"Ол тәрбиешіден Әлиханды шақыруды сұраған. Өзін баланың әпкесімін деп таныстырып, шұғыл түрде Әлиханды алып кету қажет екенін айтқан. Баланың қолынан ұстап, оны тезірек далаға шығармақшы болған", - дейді баланың анасы Лаура Мусина.
Оның айтуынша, тәрбиешілер бейтаныс әйелдің сөзіне сенбей, баланы қолынан жұлып алған. Бейтаныс әйел баланың ата-анасы жол апатына ұшырағанын айтыпты. Алайда бірнеше секундтан соң ол сөзінен айнып қалып, баланың анасы көлікте отыр деген. Ол баланың анасын шақырамын деп, балабақшадан шығып кеткен.
Баланың анасы ол әйелді танымайтын болып шықты. Алматы қаласы полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Арнайы шұғыл тергеу тобы құрылды. Алдағы уақытта оқиғаның мән-жайы анықталады", - делінген хабарламада
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!