Дәрігерлер өрмекші шаққан актердің аяғын кеспек
Дәрігерлер улы өрмекші шаққан британиялық актер Мэтью Филлипстің аяғын кесуі мүмкін.
09:04 23.07.2019
Филлипс Лас-Вегаста жүргенде оны улы өрмекші шағып алған. Қант диабетінің әсерінен туындаған жүйке ауруына байланысты актер алғашында оны байқамаған да. Аяғы қарайып, күп болып ісіп кеткеннен кейін ғана аңғарған. Филлипс дәрігерлерге көрінгенде өрмекшінің уы аяғына тарап үлгерген.
Дәрігерлер шұғыл түрде жараны тілген, алайда актердің диабеті болғандықтан ауруды басатын дәрі еге алмаған. Енді дәрігерлер оған инфекция түспеуінің қамын ойластырып жатыр. Болжамдарға қарағанда, Филлипсті қоңыр өрмекші шағып алған болуы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!