Үндістанда туған «үшбасты» сәби дәрігерлерді таң қалдырды
Үндістанда үшбасты сәби өмірге келді.
14:47 23.07.2019
Сәби сирек кездесетін дертке шалдыққан. Қыз бала 11 шілде күні Уттар-Прадеш штатында өмірге келді. Дәрігерлер балада энцефалоцеленді анықтады. Ол бас сүйегі мен мидың туа біткен ақауы, миының бір бөлігі бас сүйегінің сыртында орналасқан.
«Бұл өте сирек кездесетін дерт», - деді ұйымның бақылаушы өкілі Раджеш Тхакур.
Сүйек тіні дұрыс бітпегендіктен қыз баланың бір қарағанда үш басы бар секілді көрінеді. Дәрігерлер анасының жүктілігі қалыпты өткенін айтады. Қазір сәбидің дұрыс жетілмеуіне не себеп болғанын мамандар анықтап жатыр.
«Баланың денесі толық жетілмеген. Біз тексеруден өткізіп, сосын ота арқылы баланың бастарын ажыратамыз», - дейді дәрігерлер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!