{metadescription}
Нұр-Сұлтан қаласында жалаңаш ер адам көше кезген

Нұр-Сұлтан қаласында жалаңаш ер адам көше кезген

Елорданың тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтан көшелерімен тыр жалаңаш күйінде серуендеген ер адамды полиция бөлімшесіне жеткізді.

«Астана. Түс уақыты. Жеңіс көшесімен жалаңаш ер адам жүріп бара жатыр. Қолында плакат жоқ. Біраз қыдырып алсын», - деп жазылған видео астындағы жазбада.

Видеоны көрген желі қолданушылар жарыса пікір қалдырып жатыр. Олардың бірі ер адамның астанадағы 35 градус ыстыққа шыдай алмағанын жазса, енді бірі бәстен жеңіліп қалған деп болжады. Жалаңаш ер адамның денсаулығында ақауы бары анықталды.

«Кеше күндіз Жеңіс және Бөгенбай даңғылы қиылысында ер адам көшеде тыржалаңаш жүрген. Оны полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасынан байқап қалып, жақын маңдағы бөлімшеге апарған. Ер адамның денсаулығында ақауы бары анықталды. Медицина қызметкерлері келіп, оны ауруханаға алып кетті. Егер көшеде сау адам солай жүрсе, міндетті түрде жазаланады», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық ПД-нің баспасөз хатшысы София Қылышбекова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде