ШҚО полицейлері ешкімнің ойына кіріп-шықпайтын қулыққа барды
Тәртіп сақшылары бұл әдіс жүргізушілерді жолда мұқият болуға мәжбүрлейді деп болжап отыр.
14:44 24.07.2019
Шығыс Қазақстан облысының жолдарында патрульдік полиция авкөліктерінің макет-муляждары пайда болды, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі. Муляждар айнытпай жасалған, алыстан шын көлік секілді көрінеді. Жүргізушілер бұл патрульдік полиция экипажының тұраққа орнатып қойған макеті екенін жақындағанда бір-ақ түсінеді.
Қазіргі таңда осындай төрт муляж қойылған. Олар қала сыртындағы ең қауіпті учаскелерде орнатылып жатыр, мұнда жүргізушілер жол қауіпсіздігі үшін жылдамдықты баяулатуы қажет.
Статистика көрсеткендей, Шығыс Қазақстандағы жол-көлік оқиғаларының үштен біріне жылдамдықты асыру себеп болады. 2019 жылдың алты айында 394 жол апаты тіркелсе, оның 124-і белгіленген жылдамдықты асырудан болған.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!