Ақтөбеде алдында келе жатқан көлікті басып озбақ болған жүргізуші мерт болды
Ақтөбеде жол-көлік апаты болып, жүргізуші жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
01:15 25.07.2019
«Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі «Хюндай Соларис» көлігін басып озбақ болып, қарсы бағытқа шығып кетеді. Соның салдарынан «Тойота Камри» автокөлігі бағытын өзгертіп, қарсы бағытта шығып, «Ваз- 21099» автокөлігімен соқтығысты.
«Жол көлік оқиғасы салдарынан «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі алған жарақаты салдарынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Ал «Ваз-21099» көлігінің жүргізушісі облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, медциналық көмек көрсетілген соң үйіне кеткен. Осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», -деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!