Үш жасар қызды өлтірді деп күдікке ілінген азаматқа қандай жаза қолданылады
Шымкентте иесіз қалған гараждың жанынан үш жасар қыздың денесі табылды.
09:03 25.07.2019
Сараптама қорытындысынан, оның биіктіктен құлап, құсығына қақалып қайтыс болғаны белгілі болды. Алайда, марқұмның ата-анасы, туысқандары қызды біреудің зорлап кеткеніне сенімді. Қызды зорлады деген күдікті ұсталды.
Полиция департаментінің хабарламасында сол күні кішкентай қыздың жанында көршісі болғаны жазылған. Ер адам үш жасар баланың талып қалғанын көргенде қорқып, оны далада тастап, қашып кеткен. Сәйкесінше көмек көрсетілмегеннен кейін Кәусар есімді бүлдіршін есін жимастан дүниеден озды. Оның денесін туысқандары иесіз қалған гараждың жанынан тауып алды. Баланың ата-анасы, жақындары Кәусарды біреу зорлап кетті деп ойлайды. Олар мұндай шешімге марқұмның бұтында іш киімі болмағанын және беті көгеріп кеткенін ескеріп, келген еді. Алайда, сараптама қорытындысы қайғыдан қан жұтқан ата-ананың болжамын жоққа шығарды.
Қайғылы күні Кәусардың қасында болған күдікті ҚР ҚК-нің 119 бабы, үшінші бөлігі (Көмексiз қалдырылған адамның абайсызда өліміне әкеп соққан іс-әрекет ) бойынша тұтқындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, бұл іс қаладағы полиция департаментінің және прокуратураның қадағалауына алынды. Қамауға алынған адамның бас бостандығы үш жылға шектелуі мүмкін. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін деген болжам да бар.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!