92 жастағы Тунис президенті ауруханаға жатқызылды
Тунис президенті Бежи Каид ас-Себси сәрсенбі күні дерті асқынып, ауруханаға жатқызылды.
11:34 25.07.2019
Агенттіктің мәліметіне қарағанда, 92 жастағы мемлекет басшысы әскери госпитальға орналастырылған. Оның қандай жағдайда екендігі туралы ақпарат жоқ.
Маусым айының соңында ас-Себси денсаулығының күрт нашарлауына байланысты бірнеше күн ауруханаға жатқызылған еді. Ас-Себси 2014 жылдан бері Тунис президенті лауазымында.
Еске сала кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов 3 жасар қыздың қалай қайтыс болғанын айтқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!