{metadescription}
Алматы мен Шымкентте қару-жарақ сатып келген қылмыстық топ ұсталды

Алматы мен Шымкентте қару-жарақ сатып келген қылмыстық топ ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында атыс қаруын заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Жасырын тергеу барысында 8 «Калашников» автоматы және 2 тапаншаны сату фактілері анықталды. Аталған қару заңда белгіленген тәртіппен алынды.

«18 және 19 шілдеде Алматы және Шымкент қалаларында топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция өткізілді. Олардың кейбірі деструктивті діни ағымдарды ұстанушы және «ұрылар қауымдастығы» аталмыш өкілдерімен тұрақты байланысы бар адамдар», - делінген хабарламада. 

Тінту кезінде фигуранттардың бірінің тұрғылықты мекенжайы бойынша қолмен құрастыруға және қаруды қайта жасауға арналған станок пен құрал-саймандар табылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы аумағына қару әкелетін кезекті ірі арна жойылды. Ұсталған адамдар бұрын сатқан криминалдық қаруды заңсыз айналымнан алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде