{metadescription}
Адамның түбіне жететін аса қауіпті паразит жылдам тарап жатыр

Адамның түбіне жететін аса қауіпті паразит жылдам тарап жатыр

Бұл саңырауқұлақтар жүрек пен ми қызметінің бұзылуына әкеп соғады.

Жердегі климаттың өзгеруіне байланысты аса қауіпті паразит тарап жатыр. Бұл туралы Нидерланды мен АҚШ ғалымдары хабарлады. Зерттеушілердің айтуынша, негізінде саңырауқұлақтар адам ағзасының температурасында дами алмайды.

Алайда жаһандық климаттың жылынуы Candida auris саңырауқұлағына 37 градуста өмір сүруге мүмкіндік береді. Ғалымдар адамның иммун жүйесі осы бір қауіпті инфекциямен күресіп жатқанын айтты. "Мықты" саңырауқұлақ осыдан 10 жыл бұрын анықталған, әлемнің 30 елінде тіркеліпті.

Ғалымдардың деректеріне сүйенсек, Candida auris саңырауқұлағы адам ағзасына түскен соң, қан айналымы жүйесін бұзып, жүрек пен ми қызметінің бұзулына әкеп соғады. Инфекцияны жұқтырған адамдардың 30-60%-і көз жұмады.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде