{metadescription}
Баланы жыланнан құтқарған иттің өзі өлді

Баланы жыланнан құтқарған иттің өзі өлді

Тағы бір үй жануары баланы улы жыланнан құтқарам деп мерт болды.

Кобра үй ішіне кірмек болған. Филиппиннің Кидапаван қаласында бейнебақылау камерасына екі иттің кобра жыланымен арпалысқан сәті түсіп қалған. Улы жылан мен ит үй ауласында айқасты. Үй ішінде бір жасар бала болған. 

Мокси атты ит жыланды байқап, оған тұра ұмтылады. Оған Майли атты ит көмекке келеді. Екеулеп жыланды тістеп, кезекпен лақтырысты. Иттер мен жыланның айқасы 10 минутқа созылған. Иттер жыланды тістеп алды. Алайда кейінірек жылан уынан Майли мерт болды. Мокси аман қалды. Жылан оны да тістеген екен. Жылан уынан оның көзі көрмей қалды. 

"Әйелім екеуміз жұмыста болғанбыз. Камераны көріп таңғалдық. Иттерімнің алдында қарыздармын. Олар менің қызымды қорғап қалды. Майлиді сағынатын болдық", - дейді қыз баланың әкесі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде