{metadescription}
Тоқаев қаза болған қорықшыны І дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады

Тоқаев қаза болған қорықшыны І дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады

Қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазинов өлімінен кейін марапатталды.

Тоқаев Ақмола облысындағы қорықшыны қайтыс болғаннан кейін І дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Қазақстан президенті браконьерлердің шабуылына ұшыраған «Охотзоопром» инспекторларына мемлекеттік наградалар беру туралы жарлыққа қол қойды. Қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазинов өлімінен кейін марапатталды.

«Өз міндетінде көрсетілген батылдық пен адалдық үшін:

І дәрежелі «Айбын» орденімен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторы Нуртазинов Қаныш Серікұлын (қайтыс болғаннан кейін) марапаттауға;

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторы Оспанов Самат Көшбергенұлын марапаттауға шешім қабылдаймын», - делінген мәтінде.

Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қайғылы оқиға 23 шілдеде Бірсуат ауылында болды. Ақмола облысында браконьерлер қолынан жараланған инспектордың бірі көз жұмды. Екінші жараланған инспектор ауруханада жатыр

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде