{metadescription}
Бұрынғы білім вице-министрі Суханбердиеваның 3 жасар ұлы қайтыс болды

Бұрынғы білім вице-министрі Суханбердиеваның 3 жасар ұлы қайтыс болды

Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша бала үйдегі бассейнге батып кеткен.

Эльмира Суханбердиеваның әріптестері мен блогерлер бұрынғы вице-министрдің кенже ұлы қайтыс болғанын хабарлады. 

"Достар, жазу өте қиын. Эльмира Суханбердиеваның кенже ұлы қайтыс болды. Ілияс оның ең сүйікті баласы болатын. Отбасының басына қанша қиындық туды. Ең ауыры - жақындардан, баладан айырылу. Мұны қабылдай алар емеспіз", - деп жазды өзінің Facebook парақшасында Суханбердиеваның бұрынғы кеңесшісі Майраш Тәйкенова.

Блогер және журналист Гүлбану Әбенова әлеуметтік желілерде баланың үйдегі бассейнге батып кеткенін хабарлады. Эльмира Суханбердиеваның төрт баласы бар болатын. Үлкені 26-да, одан кейінгісі 17-де, біреуі 7-де және кішкентайы 3-те.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде