{metadescription}
Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел ұсталды

Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел ұсталды

Бүлдіршінді балабақша тәрбиешісі ұрлап кетпекші болғаны анықталды.

Полицейлер Алматының Медеу ауданында балабақшадан 5 жасар баланы ұрлап алып кетпек болған әйелді ұстады. Ол қаладан 100 шақырым жердегі елді мекенде ата-анасының үйінде жасырынған. Баланы ұрлауға әрекет жасалған соң алматылық полицейлер жедел-тергеу тобын құрды.

"Күдіктінің кім екенін біз бірден анықтадық. Іздеу шаралары ұйымдастырылды. Әйел Алматы облысындағы Кеген ауылындағы ата-анасының үйінен табылды", - деді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласына жеткізілген. ҚР қылмыстық кодексінің 125-бабы (адам ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған әйелдің осы балабақшада жұмыс істейтіні анықталды, күдікті 30 жаста. Еске сала кетсек, баланы ұрлау сәті видеоға түсіп қалған болатын.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.