Дүкеннен көйлектер ұрланды: 25 жастағы қыз кездесуге барғысы келген
Ол көйлекті кездесуге шақырған сүйіктісінің алдында әдемі көріну үшін ұрлаған.
12:33 26.07.2019
Павлодарлық қыз демалыс күні сауда орталығынан көйлек алуға шығып, ақырында ұрлап кеткен. Жас қыз бірнеше көйлекті таңдап, киімжайға бағыттайды. Кейін киімдердің ешқайсысы үйлеспегенін сатушыға айтып, шығып кеткен. Дүкенші тек кешке ғана 25 мың теңгені құрайтын екі көйлектің жоқтығын аңғарған.
Сауда орталығының күзетшілері оқиғаның ізін суытпай, қызға іздеу салып, күдіктіні ұстады. Күдіктінің осы іс бойынша бұрын сотталғаны анықталды. Ол көйлекті кездесуге шақырған сүйіктісінің алдында әдемі көріну үшін ұрлаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!