{metadescription}
118 баланы асырап алған әйел бас бостандығынан айырылды

118 баланы асырап алған әйел бас бостандығынан айырылды

118 баланы асырап, Қытайда «сүйікті ана» атымен танылған Ли Янься жиырма жылға бас бостандығынан айырылып, 400 мың доллар көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Жалпы жиналыстарда кінәлі деп табылған әйелге, қоғамдық тәртіпті бұзды, компанияның мөрін қолдан жасады, бопсалады, алаяқтыққа барды деген айыптар тағылды. «Сүйікті ана» сот шешімі бойынша қырық бес жылға политикалық құқығынан айырылды. 

Тергеу жұмыстарынан әйелдің байып кету үшін балаларды пайдаланғаны белгілі болды. Ли Янься 2014-2018 жылдардың аралығында балалар үйінің шотынан өзінің жеке шотына 610 мың юань (89 мың доллар) аударған. 

1996 жылы ол жетім қызды асырап алған. Қылмыскер журналистерге берген сұхбатта «Махаббат ауылы» атты балалар үйін салу үшін көптеген жетімдерді асырап алғысы келетінін айтты. 2018 жылы балалар үйінің тексерістен қашатыны және заңсыз іспен айналысады деген күдікке ілінгені анықталды. 

Жетімдер үйінде қалған 69 бала жергілікті ауруханаларға тексерістен өтуге жіберілді. Осыдан кейін олар әлеуметтік қамтамасыздандырумен айналысатын мекемелерге орналасты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде