АҚШ-та соңғы 20 жылда алғаш рет өлім жазасы орындалмақ
Бас прокурор Уильям Барр Федералдық бюроға өлім жазасына кесілген бес сотталушыға қатысты жазаны орындау үшін кесте жасауды сұрады.
14:07 26.07.2019
Оның айтуынша бұл жаза әділеттілік үшін орындалмақ. Бес сотталушы да адам өлтіргендері үшін кесілген. Олардың кейбірі балалар мен зейнеткерлерді зорлағаны үшін айыпталған. АҚШ-та өлім жазасы әдетте штат деңгейінде орындалып келген.
Федералдық деңгейде алғаш рет орындалғалы отыр. АҚШ-та қазір барлығы 29 штат қана өлім жазасына рұқсат еткен. Олардың ішінде Калифорния, Техас, Аризона, Флорида мен Орегон бар. Нью-Йорк, Аляска, Вашингтон, Иллинойс пен басқа штаттар мұндай жазадан бас тартқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!