Қызылордада із-түзсіз кеткен тұрғынның денесі каналдан табылды
Қызылордада үйінен шығып, қайта оралмаған 44 жастағы азаматтың мүрдесі каналдан табылды.
14:40 26.07.2019
Бұл азамат 22 шілдеде таңғы сағат 10.00 шамасында үйінен шығып кеткен. Отбасы мүшелері содан кейін ол азаматтан еш хабар ала алмаған.
«Осы мақсатта іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жедел-құтқару жасағының мамандары оның мүрдесін қала орталығындағы каналдан тапты», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Айгүл Нұрманова.
Биыл жыл басынан бері Қызылорда облысында суға кеткендер саны 25 адамға жуықтады. Олардың ішінде 10-ы балалар. Төтенше жағдайлар саласының мамандары суға түскенде сақ болуды ескертеді. Тұрғындарға арнайы белгіленген қауіпсіз аймақтарда суға түсуге мән беру тиістігін айтады. Сондай-ақ, балаларды бақылаусыз қалдырмау қажет екенін еске салады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!