Ақтауда теңізден 22 жастағы жігіттің денесі табылды
Ақтауда құтқарушылар теңізге батып кеткен 22 жастағы жігіттің денесін тапты.
15:48 26.07.2019
1997 жылы туылған азаматтың денесі Ақтаудан 25-шақырым қашықтықтағы «Шора» каналынаншыққан. Маңғыстау облыстық төтенше жағдай басқармасы жедел-құтқару жасағының мәліметінше, қайғылы жағдай кеше болған. Кешкі сағат 20.30 шамасында хабарлама түскен.
«Tree of Life» жағажайында теңізге шомылуға кеткен жігіт қайтып оралмаған. Таңертеңнен іздестіру жұмыстарын жүргізген құтқарушылар бүгін түске таман жігіттің денесін судан алып шықты.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!