Жүргізуші жолақтан өтпекші болған жаяу жүргіншіні қағып, өзі қашып кеткен
Богослов тас жолында көлік жүргізушісі жолақтан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті.
15:38 29.07.2019
Ауыр жарақат алған ол оқиға орнында көз жұмды. 28 шілдеде Богослов тас жолында Ақтөбеге бағыт алған көлік жүргізушісі Сазды суқоймасына қарама-қарсы жерде жолақтан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға орнынан ізін суытқан. Ал жарақат алған жаяу жүргінші сол жерде көз жұмды.
Қазіргі уақытта адамды қағып кеткен автокөлік иесі іздестірілуде. Полиция қызметкерлері оқиғаны көрген куәгерлер болса, 102, 936 403, 8705 73 53 833 нөміріне хабарласуларын сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!