{metadescription}
Шалқар ауданында атыс болып, бір адам көз жұмды

Шалқар ауданында атыс болып, бір адам көз жұмды

Полициянің жедел тергеу жұмыстарын жүргізуінің арқасында 21 жастағы азамат ұсталып, ол күнәсін мойындаған.

"27 шілде күні таңғы 04:43 шамасында 102 нөмірі бойынша Шалқар ауданының полиция департаментіне қоңырау келіп түскен. Аудандық ауруханадан Шалқар ауданындағы "Мерей" сауда орталығының жанында Әйтеке би көшесінің бойында атыс болғанын жайлы хабар түсіп, жедел жәрдемге әртүрлі оқ жарақаттарымен адамдар түскенін хабарлаған. Үш тұрғын жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, оқиға орнында бір адам көз жұмды", - дейді Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Полициянің жедел тергеу жұмыстарын жүргізуінің арқасында 21 жастағы азамат ұсталып, ол күнәсін мойындаған. Айыпталушы 16 калибра қаруын жергілікті спорт алаңына жасырғаны анықталып, қару полицияға табыс етілді. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті. Бұл іс адам өлтіру бабы бойынша қарастырылуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.