Бір ауруханада жұмыс істейтін медбикелер қатарынан босанды
Бір ауруханада жұмыс істейтін медбикелердің жиырмасы босанып, он алтысы жүкті.
08:00 30.07.2019
АҚШ-тың Миссури штатындағы медбикелер жұртты таңқалдырды. Жансақтау бөліміде істейтін медбикелер бірінен кейін бірі жүкті болып, қатар босанған. Қазіргі таңда 20 медбике босанып, 16 медбикенің аяғы ауыр. Медициналық қызметкердің бірі Джулия Лэнг жаңа жыл кезінде ана болуға дайындалғандардың қатары көбейгенін айтады.
"Жүкті медбикелер үнемі болатын. Алайда бұл жолы тым көппіз", - дейді Джулия Лэнг.
Бұл үрдіс емделушілер арасында да күлкіге айналған. Олар жансақтау бөлімінде медбике болып жұмыс істеу үшін жүкті болу керек пе деп сұрайтын көрінеді. Аурухана басшылығы қызметкерлерін түген жинап суретке түсіп, жұртты тамсандырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!