{metadescription}
Елімізде ТВ мен радио уақытша жұмысын тоқтатады

Елімізде ТВ мен радио уақытша жұмысын тоқтатады

31 шілде күні елімізде телевидение мен радио уақытша өз жұмысын тоқтатады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы хабар тарату саласындағы ұлттық оператор хабарлады. Ұлттық оператордың мәліметінше, бұл күні еліміз бойынша жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

«31 шілде күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша), эфирлік цифрлық, аналогты телехабар тарату және радиохабар тарату желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстары және жабдықтарды бақылау өлшемдері жүргізілетін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде