Қарағандыда үш жасөспірім қыз суға кетті
Ұлытау ауданындағы Жыландау ауылына жақын жердегі Сарысу өзеніне шомылған үш жасөспірім қыз суға кетті.
09:04 01.08.2019
Олардың екеуі 2002 жылғы екені белгілі болды, ал үшіншісіне қатысты мәлімет әлі анықталып жатыр. Жасөспірімдердің денесін жергілікті тұрғындар судан тауып алды. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Демалыс орындарда суға мас немесе есірткі қабылдаған күйде түсуге; суға қайықтан, кемелерден, бұл мақсатқа арналмаған заттардан секіруге; белгіден ары асып жүзіп кетуге; жүзуге арналмаған заттармен жүзуге; кемелерге жақындауға; су айдындарын ластауға; жағада және киім ауыстыратын жерде демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқысты тастауға; жалған көмек сұрап, дабыл қақпауға; техникалық және ескерту белгілеріне өрмелеуге; үлкен адамның қарауынсыз баланы суға жіберуге; шомылып жатқан балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!