{metadescription}
Әйелін ұрып-соққан Бауыржан Ашығалиев 2 айға қамауға алынды

Әйелін ұрып-соққан Бауыржан Ашығалиев 2 айға қамауға алынды

Алматыда тергеу соты әйелін ұрып соқты деген күдікпен ұсталған Бауыржан Ашығалиевті 2 айға қамауға алу туралы санкция шығарды.

Ксения Ашығалиева «Jackpot» тобының әншісі болса, оның күйеуі Бауыржан Ашығалиев осы топта гитарашы, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Қалалық тергеу соты күдікті Бауыржан Ашығалиевті 2 айға қамау алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады. Оған кепілмен босап шығуға тыйым салынды. Сонымен қатар, оған ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімімен, 126-бабы 2 бөлімінің 1-тармағымен көзделген қылмыстарды жасады деп айып тағылды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен. 

Мұның алдында Jacpot тобының әншісі Ксения Ашығалиева өзінің күйеуі Бауыржан Ашығалиевтің ұрып-соққанын айтып Фейсбуктегі #НеМолчиKZ тобына шағымданған еді.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде