Джакузиге түскен келіншек аяғынан айырылып қала жаздады
Ұлыбританияның тұрғыны джакузиге түсіп, сепсис пен гангренаның кесірінен аяғынан айырылып қала жаздаған.
18:44 02.08.2019
46 жастағы Хейли Томас құрбысының джакузиіне түспес бұрын аяғын кесіп алған. Ол Джастин Джон есімді ұлымен джакузиге түсіп, көңіл көтерген. Ертесі күні ояна салысымен Хейли Томас бүкіл денесінің қызарып кеткенін байқап, өртеніп жатқандай сезімде болады. Тоғыз күн өткеннен кейін келіншектің үстіне үлкен жаралар шыға бастаған.
Ол жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Тексеру нәтижесі бойынша Хейли Томас джакузиге түскенде 2 миллиметрлік кесілген жері арқылы ауру жұқтырғаны белгілі болды. Дәрігерлер келіншекке бүлінген дене бөлшектерін кесіп алып тастаймыз деп айтқан.
Мамандар Хейли Томастың денесіне антибиотиктің көп дозасын құйып, 21 күн бойы бақылаған, деп жазады stan.kz. Емнің бұл түрі келіншекке көмектесіп, үш аптадан кейін ол үйіне жіберілді.
"Мен енді ешқашан джакузиге түспеймін. Адамдардың түсіп жатқанын көрсем, қатты қорқамын. Әсіресе балалар үшін уайымдаймын. Джей-Джей сол күні жанымда болатын. Егер ол осы ауруды жұқтырса, қазір жанымызда болмайтын еді. Балам емес, менің ауырғаным жақсы болды", - дейі Хейли Томас.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!