{metadescription}
Үйленгеніне он жыл толғанын атап өтек болған ер адам олжаға кенелді

Үйленгеніне он жыл толғанын атап өтек болған ер адам олжаға кенелді

АҚШ тұрғыны мерейтойды ерекше атап өткісі келіп, аяқ асты байып кетті.

АҚШ-тың Миссури штатында әйелімен некелескеніне он жыл толғанын атап өтпек болып, лотерея билетін сатып алған ер адам қомақты қаражат олжалады. Мерейтой күні Джерри Армер жергілікті дүкенге кіріп, лотерея билетін сатып алады да, нәтижесін бірден тексеріп көреді. Сөйтсе, ер адам бір миллион доллар (385 миллион теңге) ұтып алыпты.

"Басында сенбедім. Дүкенге қайтып келіп, билетті қайта тексеріп көрдім", - дейді Армер.

Әйелі де күтпеген олжаға әуелі күдікпен қарапты.

"Мені үйленгенімізге он жыл толғанымен құттықтау үшін хабарласып тұр деп ойладым. Не айтып тұрғанын түсінбей, суретін жіберші дедім. Телефонды қойған соң, ұлыма олжалы болғанымызды жеткіздім" - деп еске алады келіншек.

Жеңімпаздар ұтысты қалай жұмсайтындарын айтқан жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде