Автобус өртеніп, бес адам қаза тапты
Түркияның солтүстік батысындағы Балыкесир провинциясында жолаушылар автобусы өртеніп, кем дегенде бес адам мерт болды.
09:19 03.08.2019
Басылымның деректеріне қарағанда, автобус өртенген кезде оның ішінде 37 адам болған. Барлық зардап шеккендер шұғыл ауруханаға жатқызылды. Автобус жүргізушісі ұсталды.
«Салонда кофемашина жана бастаған шақта жүргізуші тоқтап, жолаушылардың автобустан асықпай түсулерін сұраған», - деген провинция мэрінің сөзін келтіреді басылым.
Қатты үрейленген адамдар бірін-бірі жаныштай, сығылыса сыртқа ұмтылған. Алдын ала болжам бойынша, бес адамның өлімі газға улану салдарынан болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!