Украина президенті қанша жалақы алатыны белгілі болды
Экс-президент Петр Порошенко өткен жылғы жалақысын толық қайырымдылық қорына аударған.
15:10 03.08.2019
Украина президенті Владимир Зеленский 28 мың гривен (425 мың теңге шамасында) жалақы алады. Басылымның хабарлауынша, Зеленский маусымда 28 мың гривен (425 мың теңге шамасында) жалақы алған. Оның ішінде 5 460 гривен (82 мың теңге шамасында ) салық төледі. Бұған дейін елді басқарған Петр Порошенконың да жалақысы осынша болған.
"Ураина президентіне басқа төлем (үстемеақы, сыйақы және т.б.) қарастырылмаған", - деп хабарлады президент істері жөніндегі басқарма.
Маусым айының ортасында Зеленскийдің Украина президенті лауазымына кіріскелі алған алғашқы жалақысы 12,7 мың гривен (192 мың теңге шамасында ) екені хабарланды. Бұл сомадан 2,4 мың гривен (36 мың теңге шамасында) салық төленген
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!