Жағажайда жатқан адамдардың үстіне жартас опырылып түсті
Түрлі жарақат алған тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
01:49 04.08.2019
Американың Калифорния штатындағы атақты Лейкадия (Leucadia) жағажайында демалып жатқандардың үстіне жартас опырылып түсіп, үш адам қаза болды, екі адам жарақат алды. Лейкадия жағажайы – адамдар көп демалатын жер.
Төтенше оқиға екінші тамызда болған. Телеарнаның хабарлауынша, жартас құтқарушылардың мұнарасының жанында, бар болғаны бірнеше қадам жерде опырылып түседі. Сан-Диего округі полициясының мәліметі бойынша бұл күні жағажайда демалып жатқандардың қарасы қалың болған.
Қаза болғандың біреуі оқиға орнында жан тапсырған. Тағы екі адам ауруханада жатыр. Бір әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Қазіргі уақытта жағажай уақытша жабық тұр.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!