{metadescription}
Атыстан 19 адам мерт болып, 22-сі жараланды

Атыстан 19 адам мерт болып, 22-сі жараланды

АҚШ-та белгісіз біреулер Техас штатының батысындағы Эль-Пасо қаласының Walmart сауда орталығына келушілерге оқ жаудырды.

Сенбі күні Техастағы Эль-Пасо сауда үйінде болған атыстан 19 адам ажал құшып, 22 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде кішкентай балалар да болған. Полицейлердің айтуынша, атыс бірнеше жерде болған көрінеді.

Оқиға орнын қоршап алған полиция қызметкерлері көп ұзамай үш адамды қолға түсірді. Билік өкілдері оқ жаудырған қаскөйдің есімін атамай отыр, алайда ол 21 жастағы Патрик Крусиус есімді жігіт деген мәлімет бар. Эль-Пасо полиция департаментінің сержанты Энрике Каррильо қазір қауіп жоқ екенін, оқ ату тоқтағанын жеткізді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.